АТЫРАУ ФУТБОЛ КЛУБЫ
«Атырау» ФК қысқаша тарихы
«Атырау» футбол клубы 1980 жылдан бастап кәсіпқой командалардың турнирлеріне қатысып келеді. 45 жылдық тарихы бар клуб Қазақстан Республикасының екі дүркін күміс жүлдегері (2001 және 2002) және ҚР Кубогінің (2009) иегері.

Команданың бірінші аты «Прикаспиец» болды. Сол кезде құрылған команда екі маусым – 1980-1981 жж. Екінші лига чемпионатына қатысты. 2000 жылдың басында клуб қайта құрылып, «Ақ Жайық» деп аталды, алғашында Бірінші лига командалары арасындағы турнирге қатысты. Келесі жылы атын «Атырау» деп өзгерткен командамыз жоғары дивизион турниріне қатысты. Жанданған клубтың түстері жасыл және ақ болып таңдалды.
2001 жылы алғашқы маусымда-ақ белгілі қазақстандық маман Ваит Талғаевтың жетекшілігімен команда жоғары нәтижеге қол жеткізді, атап айтқанда чемпионат кестесінде екінші орынды иеленді. Команда бұл жетістікті келесі маусымда да қайталады.
Триумф Атырау алаңдарына 2009 жылы оралды, сол кезде команда өз тарихында алғаш рет Қазақстан Кубогін жеңіп алды. «Астана Арена» стадионында өткен финалдық ойында «Атырау» Қарағандының «Шахтерін» 1:0 есебімен ұтты. Жалғыз голды ресейлік шабуылшы Денис Зубко соқты.
«Атырау» ФК УЕФА Кубогінің екі мәрте іріктеуіне қатысты. Команда оның аясында 4 кездесу өткізді. Бұл ойындарда бір гол соғып, 8 гол жіберіп алды. Ең ірі жеңіліс Левски Софиядан 1:4 есебімен орын алды (2003/04 маусым). Команда сонымен қатар Еуропа лигасының бір турниріне қатысып, екі матч өткізді. 2010/11 маусымында венгриялық Дьериден 0:2 есебімен ұтылды.
Клуб бірқатар жақсы футболшыларды дайындап шығарды. Ең көрнекті ойыншылар Бейбіт Тәтішев, Денис Родионов және Валентин Чуреев болды.
Экс-жартылай қорғаушы Денис Родионов бұған дейін еліміздің намысын қорғаса, қазір «Атыраудың» жас шәкірттері Наурызбек Жагоров пен Әділбек Жұмаханов Қазақстан құрамасының сапында жақсы өнер көрсетуде.
Кезінде «Атырау» сапында жақсы деңгейдегі жергілікті футболшылар да көптеп ойнаған. Бұл – Айбар Нұрыбеков, Алтынбек Сапаров, Дәурен Қайраллиев, Нұрболат Қалменов, Азамат Жомартов, Қуаныш Қалмұратов, Дәурен Мәжитов, Алексей Маров, Асылбек Сейітқалиев, Санжар Сатанов, Рафаиль Оспанов, Ерасыл Аманжол және Дулат Талыспаев т.б.
Сегіз жылдан кейін «Атырау» 2009 жылғы жетістігін қайталап, Қазақстан Республикасы Кубогінің финалына шықты. 2017 жылдан бөлек, Атырау 2018, 2019 және 2024 жылдары аталмыш беделді турнирдің финалына шықты. Сондай-ақ 2020 жылы Бірінші лига жеңімпазы атанды.