АТЫРАУ ФУТБОЛ КЛУБЫ
Көп рақмет, Қуаныш Кенжәліұлы!

37 жастағы жергілікті бапкер Қуаныш Қабдолов өз еркімен “Атырау” футбол клубы бас бапкерінің міндетін атқарушы қызметін босатты.
Қазақстандық маман биылғы маусым барысындағы қиын кезеңде бас менеджер Дидар Сыдықбектің өтініші бойынша атыраулық команданың тізгінін қайта ұстаған болатын.
Чемпионат аясында “мұнайшылар” Қабдоловтың басшылығымен алты матч өткізіп үлгерді. Маман “Атырау” құрылымынан кетпей, бұрын атқарған біздің QJL командаларымыздың координаторы лауазымына оралады.
“Атырау” футбол клубы Қуаныш Кенжәліұлына өзара ынтымақтастық үшін алғыс білдіріп, ілгергі мансабына сәттілік тілейді.


