АТЫРАУ ФУТБОЛ КЛУБЫ
Маңызды жеңіс: Ұлытау 1:5 Атырау

Қазақстан Премьер лигасының 24-ші туры аясында «Ұлытау» командасына қарсы ойында маңызды жеңіске жеттік.
Бірінші таймды сәтсіз бастап, үзіліске 1-0 есебімен аттандық. Екінші таймда бар күш-жігерімізді салып, ойынның тізгінін өз қолымызға алып, жауапсыз 5 гол соғып маңызды жеңіске жеттік.
Осы ойында алған 3 ұпайдың арқасында қазір турнирлік кестенің қауіпті аймағынан бір саты жоғарыға көтерілдік.
Ойынның есебі: Ұлытау 1:5 Атырау
⚽️⚽️ Дорофеев 63’, 80’
⚽️ Труфанов 67’
⚽️ Юденков 83’
⚽️ Згурский 84’


