Владимир Чебурин – «Атырау» футбол клубының жаңа бас бапкері

60 жастағы тәжірибелі қазақстандық маман Владимир Чебурин «Атырау» футбол клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды. Қарағанды облысының тумасы бапкерлік жолын 2008 жылы Қарағандының «Шахтёр» клубында бастады. Әр жылдары «Оқжетпес», литвалық «Круоя», «Судува» және «Жальгирис» командаларын жаттықтырды. «Судува» тізгінінде үш мәрте Литва…

Жаңа серіктестік!

«Атырау» футбол клубы ASNEWS.kz ақпараттық порталымен ресми түрде ақпараттық серіктес атанды. Бұл серіктестік аясында жанкүйерлер клубтың жаңалықтарын, эксклюзивті сұхбаттарды және арнайы материалдарды ASNEWS.kz сайтынан оқи алады.

Рақмет, Леонидович!

Виталий Леонидович Жуковский екіжақты келісім негізінде ФК Атырау клубының бас бапкері қызметінен кетті. Виталий Леонидович «Мұнайшылардың» тізгінін алғаш рет 2022 жылдың жазында ұстады. Үш жылдан астам уақыт ішінде командамен 85 ойын өткізіп, 28 жеңіске жетті, 28 кездесуді тең аяқтап, 29 рет…

1 наурыз – Алғыс айту күні құтты болсын!

Бұл күн – татулық пен сыйластықтың, ризашылық пен бірліктің нышаны. Командамызға қолдау білдіріп жүрген жанкүйерлерге, демеушілерге және клуб ардагерлеріне шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздердің сенімдеріңіз – біздің жеңіске деген жігеріміз! Бірге биік белестерді бағындырайық! Ізгі тілекпен, «Атырау» футбол клубы

Қазақстан Кубогы: 1/16 финалдағы қарсылас — «Жас-Қыран»

Қазақстан Кубогының жеребе тарту қорытындысы бойынша «Атырау» футбол клубы 1/16 финалда алматылық «Жас-Қыран» командасымен кездеседі. Бұл кезең бір ғана кездесуден тұрады. Тағдыр шешетін жалғыз матчта жеңімпаз келесі айналымға жолдама алады. Кездесу 8 немесе 9 сәуір күні өтеді. Матчтың нақты уақыты…