Aiteke

Aiteke

Қош келдің, Марио!

Нигериялық жартылай қорғаушы Марио Рабиу «Атырау» футбол клубының ойыншысы атанды. 26 жастағы футболшы команда сапында 4-нөмірлі жейдені таңдады. Марио Рабиу кәсіби мансабын Италияның «Модена» клубында бастаған. 2019 жылдың 21 қазанында «Фермана» клубына қарсы ойында Италияның Серия C чемпионатында дебют жасап,…

1erdaaa «Атыраудың» жаңа ойыншысы!

Қазақстанда алғаш рет өтетін eKPL киберфутбол лигасында «Атырау» футбол клубының намысын Амангерей Ердәулет қорғайды! Атырауда туып-өскен Ердәулет – «Атырау» футбол орталығының тәрбиеленушісі. Енді ол клубымыздың атынан цифрлық алаңда өнер көрсетіп, Қазақстандағы алғашқы ресми киберфутбол чемпионатында бақ сынайды. Ойыншының жетістіктері: eKPL…

Владимир Чебурин: «Барша жанкүйерлерді жаңа маусымның басталуымен құттықтаймын!»

Алдымен чемпионаттың басталуымен барлық жанкүйерлерді құттықтағым келеді. Көктемгі футболдың өз ерекшелігі бар, ол әрдайым қызықты өтеді. Бүгін екі команда да дайындық барысында пысықтаған ойындарын көрсетуге тырысты. Өкінішке қарай, осы екі күннің ішінде біз барлық жоспарымызды толық жүзеге асыра алмадық. Дегенмен…

Қуаныш Қалмұратов – 200 матч!

Біздің тәрбиеленушіміз Қуаныш Қалмұратов Қазақстан Премьер-лигасында 200-ші ойынын өткізді! Бұл – үлкен еңбек пен табандылықтың нәтижесі. Алаңдағы кәсібилігіңіз бен командаға деген адалдығыңыз көп жастарға үлгі. Сізге алдағы уақытта да мықты ойын, жарқын жеңістер және жаңа жетістіктер тілейміз! 200 ойын –…

Атырау – Ұлытау

8 наурыз күні Түркістан қаласында Қазақстан Премьер-лигасының алғашқы туры аясында атыраулық «Атырау» жезқазғандық «Ұлытауды» қабылдады. Кездесу жергілікті уақыт бойынша 15:00-де басталды. Екі команда да алаңға негізгі құрамдарын шығарды. Ойынның алғашқы минуттарында командалар бірден шабуылға ұмтылмай, қарсыласының тактикасын зерттеуге тырысты. Кейін…

Владимир Чебурин – «Атырау» футбол клубының жаңа бас бапкері

60 жастағы тәжірибелі қазақстандық маман Владимир Чебурин «Атырау» футбол клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды. Қарағанды облысының тумасы бапкерлік жолын 2008 жылы Қарағандының «Шахтёр» клубында бастады. Әр жылдары «Оқжетпес», литвалық «Круоя», «Судува» және «Жальгирис» командаларын жаттықтырды. «Судува» тізгінінде үш мәрте Литва…

Жаңа серіктестік!

«Атырау» футбол клубы ASNEWS.kz ақпараттық порталымен ресми түрде ақпараттық серіктес атанды. Бұл серіктестік аясында жанкүйерлер клубтың жаңалықтарын, эксклюзивті сұхбаттарды және арнайы материалдарды ASNEWS.kz сайтынан оқи алады.

Рақмет, Леонидович!

Виталий Леонидович Жуковский екіжақты келісім негізінде ФК Атырау клубының бас бапкері қызметінен кетті. Виталий Леонидович «Мұнайшылардың» тізгінін алғаш рет 2022 жылдың жазында ұстады. Үш жылдан астам уақыт ішінде командамен 85 ойын өткізіп, 28 жеңіске жетті, 28 кездесуді тең аяқтап, 29 рет…

1 наурыз – Алғыс айту күні құтты болсын!

Бұл күн – татулық пен сыйластықтың, ризашылық пен бірліктің нышаны. Командамызға қолдау білдіріп жүрген жанкүйерлерге, демеушілерге және клуб ардагерлеріне шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздердің сенімдеріңіз – біздің жеңіске деген жігеріміз! Бірге биік белестерді бағындырайық! Ізгі тілекпен, «Атырау» футбол клубы

Қазақстан Кубогы: 1/16 финалдағы қарсылас — «Жас-Қыран»

Қазақстан Кубогының жеребе тарту қорытындысы бойынша «Атырау» футбол клубы 1/16 финалда алматылық «Жас-Қыран» командасымен кездеседі. Бұл кезең бір ғана кездесуден тұрады. Тағдыр шешетін жалғыз матчта жеңімпаз келесі айналымға жолдама алады. Кездесу 8 немесе 9 сәуір күні өтеді. Матчтың нақты уақыты…