Бүгін «Атыраудың» Қазақстан Кубогіндегі қарсыласы анықталады!

📅 27 ақпан🕒 15:00 Футболдан Қазақстан Кубогінің жеребе тарту рәсімі өтеді. «Атырау» футбол клубы биылғы додаға 1/16 финал кезеңінен бастап қатысады. Бүгін командамыздың Кубок жолындағы алғашқы қарсыласы белгілі болады. Жеребе тарту рәсімін QAZSPORT телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Кубок жолы басталады!…

Берік Шаихов – «Атырау» ойыншысы

32 жастағы тәжірибелі қорғаушы Берік Шаихов «мұнайшылар» сапын толықтырды. Ол командаға еркін агент ретінде қосылды. Берік 1994 жылдың 20 ақпанында Талдықорған қаласында дүниеге келген. Негізгі позициясы – сол жақ қаптал қорғаушысы. Сонымен қатар ол сол жақ жартылай қорғаушы және сол…

«Атырау» алғашқы матчтарын «Түркістан Аренада» өткізеді

«Мұнайшы» стадионында реконструкция жұмыстары жүргізілуіне байланысты арена уақытша жабылады. Осыған орай «Атырау» футбол клубы маусымның алғашқы ойындарын киелі Түркістан қаласындағы «Түркістан Аренада» өткізеді. Чемпионаттың 1-туры аясында 8 наурыз күні «Атырау» «Ұлытау» командасына қарсы алаңға шығады. Ойын сағат 15:00-де басталады. Сіздердің…

БАҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!

Ақпан айының 24-інен бастап «Атырау» футбол клубының қатысуымен өтетін ресми матчтарға ақпарат тарату мақсатында БАҚ өкілдерінен аккредитацияға өтініш қабылдау басталғанын хабарлаймыз. Аккредитацияға өтініштер наурыз айының 6-на дейін қабылданады. Аккредитация алу үшін бұқаралық ақпарат құралы жетекшісінің қолы қойылып, мөрі басылған ресми…

Мұнайшылар оқу-жаттығу жиынын аяқтады

26 қаңтарда «Атырау» футбол клубы жаңа маусымға дайындықты бастады. Оқу-жаттығу жиыны Түркияның Анталия қаласында өтті. Жиын барысында бас бапкер Виталий Леонидович жетекшілік ететін команда бірнеше жолдастық кездесу өткізді. Дайындық барысы туралы бас бапкер өз пікірін білдірді: «Жалпы дайындық жоспары бар,…