АТЫРАУ ФУТБОЛ КЛУБЫ
Санжар Сатанов – «Атырау» сапында

«Атырау» футбол клубының түлегі Санжар Сатанов команда құрамына қосылды.
Орталық қорғаушы кәсіби мансабын клубтың жастар командасынан бастап, 2020–2025 жылдар аралығында «Мақтарал», «Тұран» және «Оқжетпес» клубтарында өнер көрсетті.
Жалпы мансабында 85 матч өткізіп, 4 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.
2025 жылғы маусымда «Оқжетпес» сапында 23 ойынға қатысты.
Санжарға «Атырау» жейдесінде сәттілік тілейміз!


