Қош келдің, Марио!

Нигериялық жартылай қорғаушы Марио Рабиу «Атырау» футбол клубының ойыншысы атанды. 26 жастағы футболшы команда сапында 4-нөмірлі жейдені таңдады.

Марио Рабиу кәсіби мансабын Италияның «Модена» клубында бастаған. 2019 жылдың 21 қазанында «Фермана» клубына қарсы ойында Италияның Серия C чемпионатында дебют жасап, алғашқы ойынын өткізді.

2023 жылдың 3 қаңтарында ол «Витербезе» клубымен келісімшартқа қол қойды. Кейін албаниялық «Скендербеу» клубына ауысып, 2023 жылдың 26 тамызында «Эгнатия» командасына қарсы матчта Албания чемпионатында алғашқы ойынын өткізді.

2025 жылдың 21 ақпанында «Ақтөбе» клубына ауысып, Қазақстан Премьер-лигасында команда сапында 5 ойын өткізді.

Марио, «Атырау» клубына қош келдің!