АТЫРАУ ФУТБОЛ КЛУБЫ
1erdaaa «Атыраудың» жаңа ойыншысы!

Қазақстанда алғаш рет өтетін eKPL киберфутбол лигасында «Атырау» футбол клубының намысын Амангерей Ердәулет қорғайды!
Атырауда туып-өскен Ердәулет – «Атырау» футбол орталығының тәрбиеленушісі. Енді ол клубымыздың атынан цифрлық алаңда өнер көрсетіп, Қазақстандағы алғашқы ресми киберфутбол чемпионатында бақ сынайды.
Ойыншының жетістіктері:
- iPlay ACG International 2025 — 1 орын
- Қазақстан Кубогы 2024 — 2 орын
- eEURO Kazakhstan 2025 — 4 орын
- Games of the Future 2025 — 9–12 орын
- Students League 2023 — 1 орын
- Students League 2024 — 2 орын
- Students League 2025 — 1 орын
- Students League 2026 — 2 орын
- Қазақстан Республикасы Кубогы 2021 — 3 орын
- Қазақстан Республикасы Кубогы 2022 — 3 орын
- Қазақстан Республикасы Кубогы 2023 — 3 орын
- Setanta Pro League 2020 — топ 5–8
eKPL турнирі EA SPORTS FC 26 ойынының Ultimate Team режимінде өтеді және халықаралық FC Pro жүйесінің бір бөлігі саналады.
Турнир жеңімпазы Қазақстан атынан eChampions League жарысына жолдама алады.
Атыраудың намысын бірге қолдайық!


