Владимир Чебурин: «Барша жанкүйерлерді жаңа маусымның басталуымен құттықтаймын!»

Алдымен чемпионаттың басталуымен барлық жанкүйерлерді құттықтағым келеді. Көктемгі футболдың өз ерекшелігі бар, ол әрдайым қызықты өтеді. Бүгін екі команда да дайындық барысында пысықтаған ойындарын көрсетуге тырысты.

Өкінішке қарай, осы екі күннің ішінде біз барлық жоспарымызды толық жүзеге асыра алмадық. Дегенмен алаңда белгілі бір ойын өрнегі байқалды. Көп жағдайда қорғаныста ойнадық. Қарсыласымызда гол соғуға мүмкіндік беретін сәттер сәл көбірек болды.

Жалпы алғанда, ойын тең дәрежеде өтті деуге болады: күрес көп болды, ойын көбіне алаңның ортасында өрбіді. Алдағы матчтарда жақсырақ дайындалып, мазмұнды әрі нәтижелі ойын көрсетуге тырысамыз деп сенемін.