АТЫРАУ ФУТБОЛ КЛУБЫ
Мұнайшылар оқу-жаттығу жиынын аяқтады

26 қаңтарда «Атырау» футбол клубы жаңа маусымға дайындықты бастады. Оқу-жаттығу жиыны Түркияның Анталия қаласында өтті.
Жиын барысында бас бапкер Виталий Леонидович жетекшілік ететін команда бірнеше жолдастық кездесу өткізді. Дайындық барысы туралы бас бапкер өз пікірін білдірді:
«Жалпы дайындық жоспары бар, бірақ мерзімдердің өзгеруіне байланысты оған да түзетулер енгіздік. Қазір біз физикалық тұрғыдан басқа деңгейде тұрған командалармен ойнап жатырмыз. Мысалы, Қырғызстан командасымен өткен матчта 4:0 есебі тіркелді — бұл, әрине, жағымды нәтиже емес. Бірақ біз үшін маңыздысы — алғашқы 30 минуттағы ойын сапасы. Сол аралықта біз көргіміз келген футболды көрсеттік. Кейін команда қарқынын бәсеңдетіп алды, қарсылас қарсы шабуылдарға көшті, ал біз дер кезінде әрекет ете алмадық».
Жаңа маусымға дайындық жоспарлы түрде жалғасуда. Жиын барысында құрам жаңа ойыншылармен толықтырылып, бәсекелестік арта түсті. Сонымен қатар, жергілікті жас футболшыларға да өз мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасалды.
Оқу-жаттығу жиынын аяқтаған «мұнайшылар» енді елге оралып, маусымның алғашқы ойынына дайындалады. Естеріңізге сала кетейік, Премьер-лигадағы алғашқы кездесуде «Атырау» жезқазғандық Ұлытау командасына қарсы алаңға шығады. Матч 8 наурыз күні Түркістан қаласында өтеді.
Жаңа маусымда команданы бірге қолдайық!
Алға, «Атырау»!


