АТЫРАУ ФУТБОЛ КЛУБЫ
БАҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!

Ақпан айының 24-інен бастап «Атырау» футбол клубының қатысуымен өтетін ресми матчтарға ақпарат тарату мақсатында БАҚ өкілдерінен аккредитацияға өтініш қабылдау басталғанын хабарлаймыз.
Аккредитацияға өтініштер наурыз айының 6-на дейін қабылданады.
Аккредитация алу үшін бұқаралық ақпарат құралы жетекшісінің қолы қойылып, мөрі басылған ресми хат және БАҚ қызметкерінің 3х4 форматтағы фотосуретінің электронды нұсқасы infofcatyrau@gmail.com электронды поштасына жіберілуі қажет.
Көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін және белгіленген мерзімнен кеш жолданған өтініштер қаралмайды.
Сонымен қатар, «Атырау» футбол клубының алдағы матчтары Түркістан қаласында өтетінін назарға саламыз.
Анықтама телефоны: 8 707 808 89 63
ФК «Атырау» баспасөз қызметі


