АТЫРАУ ФУТБОЛ КЛУБЫ
Рақмет, Леонидович!

Виталий Леонидович Жуковский екіжақты келісім негізінде ФК Атырау клубының бас бапкері қызметінен кетті.
Виталий Леонидович «Мұнайшылардың» тізгінін алғаш рет 2022 жылдың жазында ұстады. Үш жылдан астам уақыт ішінде командамен 85 ойын өткізіп, 28 жеңіске жетті, 28 кездесуді тең аяқтап, 29 рет жеңіліс тапты.
Жуковскийдің жетекшілігімен атыраулық ұжым 2024 жылғы Қазақстан Кубогының финалына дейін жетті. Ал 2025 жылы маусым барысында қиын кезеңде командаға қайта оралып, клубтың Премьер-лигада орнын сақтап қалуына зор үлес қосты.
Клубқа сіңірген еңбегіңіз үшін алғыс білдіреміз. Алдағы бапкерлік мансабыңызға табыс пен сәттілік тілейміз!


