Қуаныш Қалмұратов – 200 матч!

Біздің тәрбиеленушіміз Қуаныш Қалмұратов Қазақстан Премьер-лигасында 200-ші ойынын өткізді!

Бұл – үлкен еңбек пен табандылықтың нәтижесі. Алаңдағы кәсібилігіңіз бен командаға деген адалдығыңыз көп жастарға үлгі.

Сізге алдағы уақытта да мықты ойын, жарқын жеңістер және жаңа жетістіктер тілейміз!

200 ойын – үлкен белес! Алда бұдан да көп болсын!