Егор Ткаченко – «Атырау» ойыншысы

Егор Ткаченко – «Қайрат» футбол академиясының түлегі, қорғаушы позициясында өнер көрсетеді.

  • Туған күні: 2003 жыл
  • Бойы: 182 см
  • Позициясы: қорғаушы

Карьерасы барысында Қайрат Мәскеу, Қайрат Алматы, Қайрат Жастар, Жетісу, Елімай сынды командаларда өнер көрсетті. 2024 жылы Қайрат футбол командасымен бірге Қазақстан премьер лигасынының жеңімпазы атанды.

Сондай-ақ Қазақстан жастар құрамасының (U21) сапында ел намысын қорғаған. Қорғаныста сенімді, жас әрі әлеуеті жоғары ойыншы. «Атырау» сапына қош келдің, Егор!

Жаңа маусымда сәтті ойын, мықты нәтижелер және жанкүйерлер сенімін ақтауыңа тілектеспіз.