АТЫРАУ ФУТБОЛ КЛУБЫ
Ян Труфанов «Атырауда» қалды

«Қайрат» клубының түлегі, шабуылшы Ян Труфанов команда сапында өнер көрсетуді жалғастырады. Ол кәсіби мансабын 2021 жылы алматылық клубтың жастар құрамында бастап, кейін негізгі команда деңгейіне дейін көтерілді.
2021–2024 жылдары «Қайрат Алматы», «Қайрат Алматы 2» және «Жеңіс» клубтарында ойнап, тәжірибе жинады. 2025 жылдан бастап «Атырау» сапында өнер көрсетіп келеді. Осы уақытқа дейін кәсіби деңгейде 58 кездесуде өнер көрсетіп, 18 гол соққан.
Жас әрі нәтижелі шабуылшының командада қалуы – клубтың шабуыл шебін күшейтіп, алдағы маусымға деген сенімді арттырады.
Алға, «Атырау»!


