Қуаныш Қалмуратов «Атырау» сапына қайта оралды!

Қуаныш Қалмуратов «Атырау» футбол клубының құрамына қайта қосылды. Клуб түлегі өз мансабындағы маңызды кезеңді қайтадан «мұнайшылар» сапында жалғастырады. Ол Қазақстан Премьер-лигасында «Атырау» жейдесінде 2015 жылдың 15 сәуірінде Талдықорғанда өткен Жетісу командасына қарсы кездесуде (2:1) негізгі құрамда алаңға шығып, дебют жасаған.

Әр жылдары Астана-1964, Қайсар, Тұран және Тараз клубтарының намысын қорғады. Өткен маусымда қызылордалық «Қайсар» сапында 26 матчқа қатысқан.

Қуаныштың негізгі позициясы – сол жақ қаптал қорғаушысы. Кәсіби мансабында 227 ресми ойын өткізіп, 3 гол соғып, 15 нәтижелі пас авторы атанды. Бұған дейін «Атырау» жейдесінде 112 матчқа қатысып, команда намысын қорғаған.

Сонымен қатар, ол Қазақстанның U-19 құрамасында 2 ойын, U-21 құрамасында 11 матч өткізіп, ел намысын халықаралық деңгейде қорғады.

Қуаныш Қалмуратовқа «Атырау» сапында сәтті ойындар мен жарқын жеңістер тілейміз.