АТЫРАУ ФУТБОЛ КЛУБЫ
«Атырау» футбол клубының өз фан-шопы ашылады

Бұл – клуб тарихында ашылғалы отырған алғашқы ресми дүкен.
Жанкүйерлерге берген уәдесінің бірінде “Атырау” бас менеджері фаншоп ашуды қолға алатынын айтқан. Сол сәт бүгін туып, Дидар Бақытбекұлы Атырау қалалық мәслихатының депутаты Әнуар Батаевпен келісімге келіп, меморандумға қол қойды.
@batayev_sportshop спорт-дүкенінде «Атырау» футбол клубының ресми экипировкасы, имидждік өнімдері және т.б. сатылмақ.
“Атырау” футбол орталығының тәрбиеленушілеріне бұл дүкенде 20% жеңілдік әрекет етпек.
Мекен-жайымыз: Бигелдинов көшесі, 1А


