Дмитро Рижук – “Атырау” жаңа қорғаушысы

денис мамонов

Украиналық тәжірибелі орталық қорғаушы Дмитро Рижук “Атырау” ойыншысы атанды.

Киевтік “Динамо” түлегі өз туған клубынан бөлек, “Металлист” (Харьков) пен “Черноморец” (Одесса) сапында өнер көрсеткен. Сондай-ақ израильдік “Хапоэль” мен беларусьтік “Минск” намысын қорғаған. Бұған дейін Қазақстанда көкшетаулық “Оқжетпес” пен қарағандылық “Шахтер” құрамында ойнаған.

Барлық жастағы Украина жасөспірімдер құрамаларында капитан ретінде көрінді. Дмитрийге “Атырауға” қош келдің дей отырып, біздің команда сапында сәттілік пен жарқын жеңістер тілейміз!