Абылайхан Жұмабек – «Атырау» ойыншысы

24 жастағы шабуылшы Абылайхан Жұмабек «Атырау» футбол клубының қатарына қосылды.

Футболшы кәсіби мансабын Тараз сапында бастап, команда құрамында үш маусым өнер көрсетті. Кейін Ақтөбе клубына ауысып, бір маусым өткізді. Одан соң талдықорғандық Жетісу сапына қосылды. Әрі қарай түркістандық Тұран және шымкенттік Ордабасы командаларында жарты маусымнан ойнады.

Тараз футбол мектебінің түлегі жасөспірімдер және жастар құрамаларында да тәжірибе жинақтаған. Ол Қазақстанның U-16, U-17, U-19 және U-21 құрамаларында өнер көрсетіп, ұлттық командаға дейінгі сатыдан өтті.

Карьерасында 135 ресми матчқа қатысып, 21 гол соғып, 12 нәтижелі пас авторы атанды.

Абылайхан Жұмабекке «мұнайшылар» сапында табысты маусым тілейміз.