Александр Нойок – «Атырауға» оралды

Александр Нойок «Атырау» футбол клубының құрамына қайта қосылды.

33 жастағы жартылай қорғаушы — Шахтёр Донецк клубының түлегі. Әр жылдары Закарпатье, Металлист, Металлург Донецк, Динамо Минск, Динамо Брест, Оренбург, Рух Львов, Аполлон Лимасол, Маккаби Бней-Рейне және Қызылжар командаларының намысын қорғады.

Жалпы карьерасында 356 ресми матчқа қатысып, 31 гол соғып, 26 нәтижелі пас авторы атанды. Өткен маусымды петропавлдық «Қызылжар» сапында өткізіп, 26 ойында 1 гол соқты. Бұған дейін «Атырау» жейдесінде 58 матч өткізіп, 6 голмен көзге түскен.

Сондай-ақ, Александр Украина құрамасының U-16, U-17, U-18, U-19, U-20 және U-21 жас деңгейлерінде өнер көрсетіп, халықаралық тәжірибе жинақтаған.

Александр Нойокке «Атырау» сапында табысты маусым тілейміз!