«Атырау» алғашқы матчтарын «Түркістан Аренада» өткізеді

«Мұнайшы» стадионында реконструкция жұмыстары жүргізілуіне байланысты арена уақытша жабылады.

Осыған орай «Атырау» футбол клубы маусымның алғашқы ойындарын киелі Түркістан қаласындағы «Түркістан Аренада» өткізеді.

Чемпионаттың 1-туры аясында 8 наурыз күні «Атырау» «Ұлытау» командасына қарсы алаңға шығады. Ойын сағат 15:00-де басталады.

Сіздердің қолдауларыңыз біз үшін әрқашан маңызды.
Командамызға бірге жанкүйер болайық!