Берік Шаихов – «Атырау» ойыншысы

32 жастағы тәжірибелі қорғаушы Берік Шаихов «мұнайшылар» сапын толықтырды. Ол командаға еркін агент ретінде қосылды.

Берік 1994 жылдың 20 ақпанында Талдықорған қаласында дүниеге келген. Негізгі позициясы – сол жақ қаптал қорғаушысы. Сонымен қатар ол сол жақ жартылай қорғаушы және сол қаптал шабуылшысы ретінде де ойнай алады. Қапталдағы әмбебаптығы командаға тактикалық тұрғыда қосымша мүмкіндік береді.

Шаихов – халықаралық Olé Brazil жобасының түлегі. Бұл жоба жас футболшыларды кәсіби деңгейге дайындаумен танымал.

Кәсіби мансабында «Астана-1964», «Бәйтерек», «Жетісу», «Астана», «Ертіс», «Оқжетпес», «Ақжайық», «Шахтёр», «Қызылжар», «Тараз», «Елімай», «Хан-Тәңірі» және «Тұран» клубтарында өнер көрсетті.

Клубтық деңгейде 185 матч өткізіп, 4 гол соғып, 13 нәтижелі пас берген. 2014–2017 жылдары «Астана» сапында екі мәрте Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанып, бір рет Қазақстан Кубогын жеңіп алды. 2023 жылғы маусымда семейлік «Елімаймен» бірге Бірінші лигада чемпион атанды.

Қазақстан жастар құрамаларында да өнер көрсеткен: U-19 сапында 3 матч, U-21 құрамында 21 матч өткізген.

Өткен маусымда Талдықорғанның «Жетісу» клубында 12 ойынға қатысты.

Transfermarkt порталының мәліметінше, қазіргі нарықтық құны 75 мың еуроны құрайды. Айта кетерлігі, мансабының ең жоғары кезеңінде оның бағасы 600 мың еуроға дейін көтерілген.

Берікке жаңа маусымда сәттілік тілейміз!

Алға, «Атырау»!