Қазақстан Кубогы: 1/16 финалдағы қарсылас — «Жас-Қыран»

Қазақстан Кубогының жеребе тарту қорытындысы бойынша «Атырау» футбол клубы 1/16 финалда алматылық «Жас-Қыран» командасымен кездеседі.

Бұл кезең бір ғана кездесуден тұрады.

Тағдыр шешетін жалғыз матчта жеңімпаз келесі айналымға жолдама алады.

Кездесу 8 немесе 9 сәуір күні өтеді.

Матчтың нақты уақыты мен өткізу орны туралы ақпарат қосымша хабарланады.

Алға Атырау!