АТЫРАУ ФУТБОЛ КЛУБЫ
Бүгін «Атыраудың» Қазақстан Кубогіндегі қарсыласы анықталады!

📅 27 ақпан
🕒 15:00
Футболдан Қазақстан Кубогінің жеребе тарту рәсімі өтеді.
«Атырау» футбол клубы биылғы додаға 1/16 финал кезеңінен бастап қатысады. Бүгін командамыздың Кубок жолындағы алғашқы қарсыласы белгілі болады.
Жеребе тарту рәсімін QAZSPORT телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Кубок жолы басталады! 💚⚽️


