АТЫРАУ ФУТБОЛ КЛУБЫ
Владимир Чебурин – «Атырау» футбол клубының жаңа бас бапкері

60 жастағы тәжірибелі қазақстандық маман Владимир Чебурин «Атырау» футбол клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды.
Қарағанды облысының тумасы бапкерлік жолын 2008 жылы Қарағандының «Шахтёр» клубында бастады. Әр жылдары «Оқжетпес», литвалық «Круоя», «Судува» және «Жальгирис» командаларын жаттықтырды.
«Судува» тізгінінде үш мәрте Литва чемпионатының жеңімпазы атанып, екі рет Суперкубокты және бір рет ел Кубогын иеленді. Кейін «Жальгириспен» бірге Литва чемпионатында үш рет топ жарып, екі мәрте Кубокты жеңіп алды. Литвада үш рет «Жыл бапкері» атағына ие болды.
Жалпы мансабында 516 матч өткізіп, 296 жеңіс, 96 тең ойын және 124 жеңіліске қол жеткізген. Өткен маусымда «Жальгиристі» жаттықтырды.
Сондай-ақ жаңа маусымнан бастап Қазақстан жастар құрамасының (U-21) бас бапкері қызметін қоса атқарады.
Владимир Чебуринге және оның бапкерлік штабына алдағы маусымда табыс тілейміз!
Алға, «Атырау»!


