Атырау – Ұлытау

8 наурыз күні Түркістан қаласында Қазақстан Премьер-лигасының алғашқы туры аясында атыраулық «Атырау» жезқазғандық «Ұлытауды» қабылдады. Кездесу жергілікті уақыт бойынша 15:00-де басталды. Екі команда да алаңға негізгі құрамдарын шығарды.

Ойынның алғашқы минуттарында командалар бірден шабуылға ұмтылмай, қарсыласының тактикасын зерттеуге тырысты. Кейін ойын қарқыны артқанымен, бірінші таймда есеп ашылған жоқ — таблода 0:0 көрсеткіші сақталды.

15 минуттық үзілістен кейін командалар жылдамдықты арттырып, шабуылға жиі шыға бастады. Қауіпті сәттер аз болған жоқ, алайда екі қақпашы да сенімді ойнап, өз қақпаларын аман сақтап қалды. Нәтижесінде кездесу голсыз тең есеппен аяқталды.

Алғашқы тур қорытындысы бойынша атыраулықтар турнир кестесінде 11-орынға орналасты. Келесі турда «Атырау» Павлодарда жергілікті «Ертіске» қарсы ойнайды.

Алға, Атырау!