Константин Дорофеев «Атырау» сапында қалды

20 жастағы шабуылшы кәсіби мансабын «Краснодар-2» клубында бастап, 16 матчта 3 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген. Ресейдің жастар құрамасында 4 ойында 2 голдың авторы атанды.

Өткен маусымда «Тұраннан» ауысып келген Константин Қазақстан Премьер-лигасында «мұнайшылар» сапында 11 матч өткізіп, 5 гол соқты.

Константин алдағы маусымда да «Атырау» намысын қорғауды жалғастырады. Бірге жаңа жеңістерге жетейік!