АТЫРАУ ФУТБОЛ КЛУБЫ
Ботагөз Жұмажанова Қазақстан WU-17 ұлттық құрамасына шақырту алды

«Атырау» футбол клубының шабуылшысы Ботагөз Жұмажанова Қазақстан WU-17 ұлттық құрамасына шақырту алды.
17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы 27 мамыр күні Бішкек қаласында Қырғызстан құрамасымен жолдастық матч өткізеді.
«Мұнайшылар» шабуылшысы осы маусымда Қазақстан әйелдер лигасында 7 ойын өткізіп, 7 голдың авторы атанды.


